Көлгінов орынбасарын жазалады

1115

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенге қатаң сөгіс жарияланды.

Көлгінов орынбасарын жазалады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орынбасары Бақтияр Мәкенді қарамағындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін жазалады, деп хабарлайды іnbusiness.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңға сәйкес Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына қатысты үкім шыққаннан кейін осы басқармаға жетекшілік ететін әкім орынбасары Бақтияр Мәкен отставкаға өтініш берген", - деп жазылған хабарламада.

Әкімнің орынбасары білім беру, дін, жастар саясаты, халықтың әлеуметтік осал топтармен жұмыс сынды әлеуметтік маңызды салаларға жетекшілік еткен.

"Әкім орынбасары тағайындалғаннан бері үлкен жұмыс атқарылды және жетекшілік ететін салалардағы негізгі индикаторлар жақсартылды: үш ауысымды мектептер саны 2 есе – 8-ден 4-ке дейін, оқушы саны көп мектеп саны 22-ден 14-ке дейін қысқарды. Пандемия кезінде қысқа мерзімде жедел штаб құрылып, 43 мыңнан аса адам әлеуметтік көмек алды. Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін әлеуметтік орталықтар ашылды. Онда олар "бір терезе" қағидаты бойынша көмек ала алады. Сондай-ақ қосымша білім алып, кейіннен жұмысқа орналасуына мүмкіндік қарастырылды.  ПТР-зертханалардың саны 1-ден 23-ке дейін ұлғайтылды, ал тест нәтижесінің уақыты 4-5 күннен 4 сағатқа дейін қысқартылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Бақтияр Мәкен жұмыс орындарын құру және еріктілерді қолдау бағытында да ауқымды жұмыс жүргізген.

"Әлеуметтік салада жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін, сондай-ақ қылмыстық іске еш қатысы жоқ екені ескеріле отырып, Бақтияр Мәкеннің қызметінен кету туралы өтініші қабылданған жоқ. Алайда оған қатаң сөгіс жарияланды", - деп жазады әкімдіктің сайты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу