Көлік жүргізушілеріне тағы да күтпеген жаңалық

12186

Алматы облысында "Сергек" камералары бар, радармен жабдықталған патрульдік машиналар іске кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көлік жүргізушілеріне тағы да күтпеген жаңалық Фото: uralskweek.ru

Енді жолда патрульдік жасақтардан басқа, сәйкестендіру белгілерінсіз үш арнайы қызметтік автокөлік жүреді. Бұл көліктер жасырын патрульдеуге арналған. Ол заманауи "Кордон" фото-бейнетіркеу кешенінің көмегімен жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалап, бұзушылықтарды анықтайды.

"Кордон" кешені жылдамдықты асырып, қарсы жолаққа шыққандарды және жол белгілері талаптары мен жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркейді. Сонымен қатар бұл кешен көлік құралының санатын дербес анықтай алады және рұқсат етілген жылдамдықтан асып кету сияқты бұзушылықтар анықталған кезде автоматты түрде нұсқама жолданады”, – деп мәлімдеді Жетісу облысының полициясы. 

Жетісу облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай технологияларды енгізудің басты мақсаты – өңір жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру, апаттар қаупін азайту және адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау. Жасырын патрульдеуді енгізу арқылы құқық бұзушылықтардың санын азайтуға және жол қозғалысына қатысушыларды тәртіпке келтіруге болады.

“Енді қарсы жолаққа шығу және жылдамдықты режимінен асыру сияқты өрескел бұзушылықтарға ерекше назар аударылады. Осылайша бұл шаралар барлық қатысушы үшін қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ апатты жағдайлар санын азайтуға бағытталған”, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу