Көлігін 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілер қанша айыппұл арқалайды?

287

Бұл норма елде бұрыннан бар.

Көлігін 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілер қанша айыппұл арқалайды? Фото: drive2.ru

Сенатор Марат Қожаев көлікті 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге салынатын айыппұлға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мұның бәрі қолданыстағы экологиялық нормаларды сақтауға бағытталған. Қалаларда ауа қатты ластанған. Алайда бұл бап бойынша жауапқа тарту үшін бұлтартпас процедуралық дәлелдер қажет. Мысалы, бейнежазба, уақытты тіркеу және т.б. Егер осының бәрі болса, онда адамдар әкімшілік жазаға тартылады", – деді Марат Қожаев Сенат кулуарында.

Бұрынғы Ішкі істер вице-министрі тиісті талап дамыған елдерде де бар екенін жеткізді.

Айта кетейік, қыс мезгілінде көлікті 5 минуттан артық қыздыратын жүргізушілерге 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Заң бұзушылық қайталанған жағдайда оның көлемі 10 АЕК-ке дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу