Көлігін айыптұраққа қалдырмас үшін оқиға орнынан кетіп қалды

364

Жүргізуші куәлігін бұрын алмағаны анықталды.

Көлігін айыптұраққа қалдырмас үшін оқиға орнынан кетіп қалды Фото: gov.kz

Қала көшелерін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Changan маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің көлік басқару құқығы жоқ екені, яғни бұрын жүргізуші куәлігін алмағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда хаттама толтырылғаннан кейін ол көлігін кілттеп, оқиға орнынан кетіп қалған. Осылайша, автокөлікті арнайы тұраққа қою талабын орындамаған.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері эвакуатор шақырып, көлікті айыптұраққа жеткізді.

Полиция көлік басқару құқығынсыз рөлге отыру заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу