Көлігін әкімшілік полицияға тіркеуге қойған жүргізушілер ғана газ сатып ала алады

772

Көлігін әкімшілік полицияға тіркеуге қойған жүргізушілер ғана газ сатып ала алады

Ақтөбелік жүргізушілер тәулігіне 350 тонна сұйытылған отын жұмсайды. 37 мыңнан астам көлікке энергетика министрілігі бөліп отырған квота жетпейді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе облысына 9 мың тонна сұйытылған газ бөлінді. Желтоқсан айының соңында тағы да тапшылық болып, газ құю бекеттерінде кезек көбеюі мүмкін. Себебі, тәулігіне 350 тонна газ тұтынатындар арасында тіркеуге алынбағандары да бар.

"Энергетика министрлігі жергілікті әкімшілік полициясы берген анықтамаға сай квота бөледі. Яғни, жол полициясында тіркеуде тұрған көлік санына сұйытылған отын көлемі сай келуі керек. Желтоқсан айында Ақтөбе облысына 9 мың тонна газ бөлінді. Ал облыста 37 555 көлік газбен жүреді. Тәулігіне 350 тонна қажет деп есептегенде, айдың аяғында тағы да тапшылық сезілуі мүмкін. Сондықтан тек тіркеуде тұрған көліктерге қызмет көрсету акциясы жарияланды. Акция аясында тек құжаты бар, газ қондырғысына рұқсат алған көлік иелеріне қызмет көрсетіледі", - деді Ақтөбедегі газ тасымалдауышылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Алтынай Мұханова.

Айта кетейік, Ақтөбеде газ тапшылығы мәселесіне орай арнайы комиссия құрылып, оның құрамына құқық қорғау органдары кірді. Алдағы екі айда көлігін әкімшілік полицияға тіркеуге қойған жүргізушілер ғана газ сатып ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу