Көлігінің нөмірін алып тастаған: Алматыда жас жігіт түнгі уақытта полициядан қашқан

414

Ол көлік жүргізуден шеттетіліп, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Көлігінің нөмірін алып тастаған: Алматыда жас жігіт түнгі уақытта полициядан қашқан Фото: Бейнежазбадан

Алматыда жас жігіт түнгі уақытта көлігінің нөмірін алып тастап, қала ішінде қатты жылдамдықпен жүрген. Оның бұл ісі полиция қызметкерлерінің назарын аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 4:30 шамасында Бостандық ауданында болған. Тәртіп сақшылары мемлекеттік нөмірі жоқ Toyota көлігін байқайды.

Полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбай, қайта жылдамдығын арттырып, адам көп жүретін көшелермен тығылып, қашуға тырысқан.

"Патрульдік полиция қызметкерлері көліктің қауіпті қозғалысын тоқтатып, Ходжанов көшесінде жолын бөгеген. Рөлде Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны болған. Ол көлік жүргізуден шеттетіліп, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізуші бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды", – делінген ПД хабарламасында.

Полиция департаменті мұндай жағдайдың соңы ауыр зардаптарға апаруы мүмкін екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу