Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының қызметкері мен оқытушы 26 жас отбасына жаңадан салынған шағын отбасылық жатақхана кілті табыс етілді, деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Эрик Имашевтің айтуынша, компания еңбеккерлерінің тұрғын үй- жайлары, әлеуметтік-тұрмыстық қамту үлкен жолға қойылған.
"Бұл жақсы жаңалық болашақ теміржолшыларды даярлаудың, оқыту, біліктілігін көтерудің корпоративтік саясаты дұрыс екендігін көрсетеді", – деп атады Эрик Имашев.
"ҚазККА" АҚ президент-ректоры Бақытжан Қуанышевтің айтуынша, "Жолдауда білім саласына зор көңіл бөлінген. Оның ішінде экономикалық өсімге байланысты орта звенодағы мамандарды даярлауға басымдық берілген".
Қазіргі таңда ҚазККА студенттері мен магистранттары түгелдей оқу орнының жатақханасымен қамтылған. Жатақхана бұрынғы ғимараттың орнында салынған. Оларды орналастыру тұрғын үй-тұрмыстық комиссиясының шешімімен атқарылды.
Вице-президент жатақханаға аялдап, жатақхананың қоныстанушы қуаныш иелерімен сыр бөлісті. Олар өз кезегінде ҚазККА мен ұлттық компания басшылығына жайлы жатақхана үшін алғыстарын жаудыруда.
Елдос Қорабаев академияда жеті жылдан бері қызмет етеді. Оның әйелі, бір баласы бар. Жас маманның әкесі Луговой станциясында вагон қараушысы болып еңбек етеді.
"Өте жайлы тұрғын үйге ие болдық. Бұрын Алматыда едәуір ақшаға пәтер жалдап тұрдық. Енді қаржымыз үнемделді. Жанымызда парк бар. Іргемізде Есентай өзені ағып жатыр. Жас қызметкерлер мен шағын отбасыларының тұруына өте жайлы", – дейді радиотехника және коммуникация кафедрасының оқытушысы Дина Ақтайлақова, доцент Жәнібек Қалиев, спорт кафедрасының оқытушысы Саян Әбілқайыров және басқалары.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ М. Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникациялар академиясының негізгі құрылтайшысы болып табылады. Ұлттық компания оқу үдерісінің жетілдіруге, кадр даярлауға, қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді.