Көлік әкелемін деп 106 млн теңге алған күдікті Қазақстанға жеткізілді

298

​Қазақстан Бас прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Көлік әкелемін деп 106 млн теңге алған күдікті Қазақстанға жеткізілді Фото: ЖИ

Тергеу дерегінше, 2021-2022 жылдары күдікті шетелден автокөлік сатып алып, Қазақстанға жеткізіп беруге уәде етіп, үш азаматты алдаған. Осылайша олардың 106 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті тергеу органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

Ол биыл наурызда Ресей аумағында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті елге экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалған. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Күдік расталып, сот үкімі шыққан жағдайда, оған мүлкін тәркілеу және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу