Көлік апатынан 14 жастағы жасөспірім мерт болды

763

Атырау облысында көлік апатынан 14 жастағы бала мерт болып, тағы 4 жеткіншек ауруханаға түсті.   

Көлік апатынан 14 жастағы жасөспірім мерт болды Фото: inform.kz

Көлікті 2008 жылы туған жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз айдап кеткен, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 қарашада сағат 16:30-да болған.

"Құрманғазы ауданындағы Жасталап ауылының тұсында Toyota Corolla автокөлігі жол жиегіне аударылып, жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Апатқа ұшыраған көлікті 2008 жылы туған жасөспірімнің жүргізгені анықталды. Көлік салонында болған 2007 жылы туған 4 жасөспірім түрлі дене жарақатымен Құрманғазы аудандық орталық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы басталды. Жол апатының мән-жайын толық анықтау бағытында тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның барысында жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз автокөлікті айдап кеткені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу