Көлік бизнесі бес жылда 145,9 млрд теңгеден астам салық төледі

1530

Көлік бизнесі бес жылда 145,9 млрд теңгеден астам салық төледі

2012-2016 жылдар аралығында көлік кәсіпорындарынан бюджетке түскен салық түсімдері 145,9 млрд теңгеден асады. Бұл туралы "ҚазАвтоПром" хабардар етті.

Көлік өндірушілер одағының ақпараты бойынша, салық төлемдерінің ең үлкен көлемі  2014  жылдың (43 млрд теңге), ең азы 2012 жылдың (16,1 млрд теңге) үлесінде. Одақ төрағасы Олег Алферовтың айтуынша, автобизнес 2016 жылы  18,9 млрд теңге төледі.

Төлем жүргізу бойынша "БИПЭК АВТО – Азия Авто" көш бастап тұр. Компанияның үлесіне түсімдердің 40,1%-ы (58,6 млрд теңге) тиесілі. Одан әрі Toyota Motor Kazakhstan (16%; 23,4 млрд теңге), КМК Astana Motors (14%; 20,5 млрд теңге). Үздік ондықты Урал-Кров (1,8%; 2,6 млрд тенге) тәмамдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу