ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті көлік құралдарының иелері "Egov.kz" және "Qamqor.gov.kz" сайттарында айыппұлдардың бар-жоғын тексеріп, көрсетілген сайттар арқылы онлайн режимде айыппұлдарын төлей алады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Айта кетейік, Әкімшілік полиция комитетінің мекенжайына азаматтардың ЖЖҚ бұзуды тіркеудің автоматты жүйелері арқылы тіркелген құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдардың бар-жоғын тексеру тәсілі және олармен келіспеген жағдайда шағымдану тәртібі туралы мәселелермен жүгінулері жиілеп кетті.
"Осыған байланысты Әкімшілік полиция комитеті көлік құралдарының иелері "Egov.kz" және "Qamqor.gov.kz" сайттарында айыппұлдардың бар-жоғын тексере алатынын және көрсетілген сайттар арқылы онлайн режимде айыппұлдарды төлей алатынын хабарлайды, бұл ретте төлем туралы ақпарат айыппұлдар бойынша орталықтандырылған деректер базасына автоматты түрде келіп түседі және КҚ иесіне ішкі істер органдарына төлем туралы түбіртекті қосымша берудің қажеттілігі жоқ", - деп атап өтілді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде.
Бұдан басқа, "Qamqor.gov.kz" сайтында Айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымды басып шығару мүмкіндігі бар, онда автомашинаның иесі қажет болған жағдайда түсінік алу үшін жүгінуі мүмкін ішкі істер органы бөлінісінің төлефон нөмірі және мекенжайы көрсетіледі.
КҚ иесі құқық бұзушылықпен келіспеген жағдайда тиісті өтінішті аумақтығы бойынша Әкімшілік полиция басқармасына беруге құқылы, онда оны қарау және тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады.
Оның шағымы бойынша ІІО қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда КҚ иесі Ұйғарымға сот тәртібінде шағым жасауға құқылы.
Ұйғарымдарға шағым жасау тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 43-1, 44-1 және 47-тарауларында регламенттелген.
Осы жылы өткен жылдағыдай, апаттылықтың негізгі көрсеткіштері төмендеген. 9670 (-8,7%) ЖКО тіркелген, онда 12 562 адам (-9,9%) жарақат алған.
ЖКО-ның негізгі себебі – жол қозғалысы қатысушыларының төмен көлік тәртібі.
Барлық ЖКО-дың 70%-ға жуығы жүргізушілердің Жол ережелерін өрескел бұзумен байланысты. Тек осы жылы 2,2 млн астам ЖҚЕ бұзудың жолы кесілді, оның ішінде жартысынан көбі бұзушылықтарды фото-бейне тіркеу жүйелерімен анықталды (890 мың). Оның ішінде 590,3 мың (+3,1есе) жылдамдықты асыру, 136,1 мың (-8%) көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон қолдану және 17,8 мың (-2%) көлікті масаң күйде басқару анықталды.