Көлік иелерін бопсалап жүргендер ұсталды

783

Ақтөбеде ресейлік тіркеудегі нөмірлерді ұрлап, содан кейін олардың иелерінен ақша талап еткен қылмыскерлер ұсталды.

Көлік иелерін бопсалап жүргендер ұсталды

Белгілі болғандай, күдіктілер автокөліктерден тіркеу нөмірлерін ұрлап алып, иелеріне Telegram мессенджерінде мекенжайы бар жазбаны қалдырған.
Хат алмасу барысында жәбірленушілер шотқа 20-дан 50 мың теңге сомаға дейін ақша аударып, төлем жасалғаннан кейін геолокация арқылы нөмірлердің орналасқан жері туралы ақпарат алған.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері автокөлік нөмірлерін ұрлаған екі  бопсалаушыны анықтады. Сондай-ақ, олар бопсалау арқылы ақша талап ету мақсатында ресейлік тіркеудегі 8 автокөліктен мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алып кеткендігі анықталды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 194-бабы "бопсалау" бойынша қылмыстық іс жүргізілуде және облыс аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу