Көлік импорты рекордтық көрсеткішке жетті

Қазан айында елімізге 44 көлік әкелінген.   

Көлік импорты рекордтық көрсеткішке жетті Фото: inform.kz

Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, 2022 жылдың қазанында республикаға әкелінген автомобильдердің жалпы құны 209,3 млн долларды құрады, бұл 2016 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш.

Бір қызығы, қыркүйек айымен салыстырғанда бұл сома 22,8 миллион долларға артқан.Бірақ импортталған көліктер саны небәрі 44 бірлік.

Осылайша, бір көліктің орташа құны 33,7 мың доллардан асты. 2021 жылдың қазан айында бұл көрсеткіш 17,25 мың долларды құрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу