Көлік инспекторларының құзыреті шектеледі

1115

Екі жылда көліктік бақылау инспекторларына қарсы 99 қылмыстық іс қозғалған. 

Көлік инспекторларының құзыреті шектеледі

Еліміздің жолдарына көліктің салмағы мен көлемін өлшейтін автоматты қондырғылар орнатылады. Бұл туралы көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Қоспабаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Біздің салада сыбайлас жемқорлық тәуекелі жүк тасымалдаушыларды бақылау ісінде жиі кездеседі. Сондықтан көліктің салмағы мен көлемін өлшеу автоматтандырылады. Мұны біз "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясымен, жол органдарымен бірге іске асырамыз. Ол үшін автоматты жүйелер орнатылады. Яғни көліктің салмағы мен көлемін өлшеуге инспекторлар қатыспайды. Биыл бізге халықаралық және республика ішіндегі жолдарда жолаушы тасымалын қадағалау, жүргізушілердің еңбегі мен тынығу режимін сақтау қызметтері берілді. Көлік инспекторлары енді осы іспен айналысады. Ал бұрынғыдай көліктің салмағы мен көлемін өлшеуге қатыса алмайды. Бұл саладағы жемқорлықты азайтады", – дейді комитет өкілі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға  тергеушісі Данияр Бегайдаров салада жемқорлықтың ушығып тұрғанын растады.

"Статистикалық деректер бойынша 2017 жылдан бері жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде көліктік бақылау қызметкерлерінің үстінен 110-ға жуық сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. 99 қылмыстық іс тіркеліп, 70-ке жуық іс сотқа жіберілді. 11 іс  бойынша әлі тергеу жүріп жатыр", – дейді ол.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу