Көлік қаққан 9 жасар қостанайлық қыз ауруханада көз жұмды

932

12 ақпанда Қостанайдағы КСК шағын ауданында бала мен оның анасын көлік қағып кеткен болатын.

Көлік қаққан 9 жасар қостанайлық қыз ауруханада көз жұмды

Жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып, ауруханаға ауыр халде жеткізілген 9 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 жасар қыз ауыр халде жеткізілген.

"Ол 5 күн жансақтау бөлімінде жатып, ес жимаған күйінде жан тапсырды. Анасы әлі қалалық ауруханада ауыр халде жатыр", – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 12 ақпанда Қостанайдағы КСК шағын ауданында бала мен оның анасын көлік қағып кеткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу