Өнеркәсіптің 11 айдағы көрсеткіші қорытындыланды

853

ҚР ИДМ мәліметтеріне сәйкес, көлік кешені бойынша 11 айдағы нақты көлем индексі 104,6%-ды құраған. 

Өнеркәсіптің 11 айдағы көрсеткіші қорытындыланды

Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өнеркәсіп, құрылыс, көлік кешені салаларының 2018 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Министрдің  айтуынша, 2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 104,5% болған (жоспар – 103,3 %). Оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 104,7%, ал өңдеу өнеркәсібінде бұл көрсеткіш 104,9%-ды көрсетті. Еліміздің 14 өңірінде өнеркәсіптік өндірістің оң көлемі сақталып отыр.

Ал тау-кен секторында ССТӨБ-інде өндіріс көлемінің артуына байланысты темір кенін өндіру көлемі 7,3%-ға өсті. Түсті металл кенін өндіру көлемі 3,9%-ға артқан.  

"Өңдеу өнеркәсібінде жылдық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіліп, бірқатар салаларда өсім байқалып отыр. Атап айтқанда, машина жасау саласы 15,7%-ға, былғары өндірісі 8,1%-ға, химия өнеркәсібі 7,2%-ға, қағаз өндірісі 5,1%-ға, резеңке және пластмасс бұйымдар өндірісі 2,9%-ға және жиһаз өндірісі 2,4%-ға өскен",  –  деді Жеңіс Қасымбек.

ҚР ИДМ мәліметтеріне сәйкес, көлік кешені бойынша 11 айдағы нақты көлем индексі 104,6%-ды құраған. Жеңіс Қасымбек жылдық жоспарлы көрсеткішке транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі мен Қытайға газ экспортын арттыру есебінен қол жеткізілетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу