Көлік комитеті теміржолдардың сапасын тексерді

719

Нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін 1000-нан аса заң бұзушылық анықталды. 

Көлік комитеті теміржолдардың сапасын тексерді

ҚР ИИДМ Көлік комитеті магистральдық және станциялық жолдарды күтіп ұстауға жауап беретін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ магистральдық теміржол желісі дирекциясының филиалдарында теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізді.

Арнайы жабдықтар мен мобильді диагностикалық кешенді қолдана отырып, теміржолдар мен бағыттамалы бұрмаларды тексеру нәтижесінде (тексеру қазан айында Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілді) жолаушылар мен жүк поездары жүретін теміржолдарда қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін 1000-нан астам заң бұзушылық анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша теміржолдарды күтіп ұстау бойынша  нұсқамалар берілді.

"Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін өрескел қателіктерге байланысты тексеру кезінде 127 теміржол және 108 бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылды. Бұған қоса 350 жылдамдық шектеулері берілді, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрамның 56 бірлігі тоқтатылды. Аталған талапқа сай келмейтін ескертпелерді жойғанға дейін ШҚО, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында және басқа да облыстарда бірнеше теміржолдардың қызметі толығымен тоқтатылды, бұл жолаушылар және жүк поездарының қозғалыс кестесінде көрініс тапты", - деп жазылған комитет таратқан хабарламада. 

Осы орайда ведомство теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілгеніне куә болғандарды ҚР ИИДМ Көлік комитетінің +7 7080880800 WhatsApp-нөміріне хабарлауды сұрады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу