Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды – ҚазАвтоЖол

385

Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын пайдаланды.  

Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды – ҚазАвтоЖол Фото: Liter.kz


Республикалық маңызы бар жолдар желісі бойынша барлық бағыт ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын пайдаланды. 
Естеріңізге сала кетейік, ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабық болды. Желіде 220 бірлік арнайы техника мен 300 маман жұмыстанды. 
Қостанай облысында жолшы мамандар 30 жүк көлік жүргізушісіне және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу