Көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық жағдайы анықталды

692

Антикор елордадағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен полиция қызметкерлерінің көлік құралдарын заңсыз тіркеуге қатысы бар-жоғын тергеп, тексеріп жатыр.

Көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық жағдайы анықталды

"Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы – Т-ның және Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды. Аталған тұлғалар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, жүйелі түрде ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінен.

14 тамызында тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынған.

"Тергеудің осы кезеңінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталып, осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және басқа өңірлерден полиция қызметкерлерінің қатысуы тексерілуде", – деп жазылған хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қатысы бар барлық тұлғаға құқықтық баға беріледі. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу