Көлік құралдарының электрондық құжатын рәсімдеу тәртібі бекітілді

833

Сенат арнайы заң қабылдады. 

Көлік құралдарының электрондық құжатын рәсімдеу тәртібі бекітілді

Сенаттың жалпы отырысында "2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының, өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Арменияның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң қабылданды. 

Бұл құжат Арменияны келісімге қосады және Қазақстанға электрондық паспорттар жүйесін енгізу бойынша міндеттеме жүктейді.  

"Осы келісімді іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2015 жылдың 22 қыркүйегіндегі шешімімен электрондық паспорттар жүйесінің жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ көлік құралдарының және техниканың басқа да түрлерінің іэлектрондық паспорттарын рәсімдеу тәртібі мен құрылымы бектілді", – деді индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Аманияз Ержанов. 

Біле жүріңіз, үкіметтің өткен жылдың 13 мамырындағы қаулысына сәйкес, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторы болып бекітілген. Ұлттық операторға ел аумағында жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету міндеті жүктелген. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу