Көлік министрі Алматы мен Өскемен арасындағы жол сапасын тексеріп шықпақ

Марат Қарабаев қос аймақтың арасын автокөлікпен жүріп өтеді.

Көлік министрі Алматы мен Өскемен арасындағы жол сапасын тексеріп шықпақ Фото: inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру үшін төрт облысты басып өтеді. 

Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында жария етті. 

"Ведомство басшысы Алматы облысына келді. Ең алдымен Шамалған станциясының айналма жолының құрылысын және "Сарыөзек – Көктал" (45-68 км) автожолында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексереді. Сондай-ақ министр "Қорғас" құрғақ портының жұмысымен танысып, "Алматы – Қорғас" автожолының сапасын бағамдап қайтуды жоспарлап отыр", – деп жазылған хабарламада.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, министрлік басшысы Марат Кәрімжанұлы демалыс күндерін пайдаланып, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына да барады. Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп өтіп, министр аталған өңірлердегі жол құрылыстарын, көлік объектілерін қайта жаңарту жұмыстарын, көлік қозғалысына арналған көпірлердің жай-күйін тексереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу