Көлік министрі бұрынғы орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Ол 4 тамызда пара алды деген күдікпен ұсталған еді.  

Көлік министрі бұрынғы орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді Фото: 365info.kz

Бүгінгі Үкімет отырысынан соң БАҚ өкілдері министр Нұрлан Сауранбаевқа бұрынғы көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің ұсталуына қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министр оның негізгі қызметіне қатысты қамауға алынғанын жеткізді. 

– Тергеу амалдары жүріп жатқанын еске отырып, басқа мән-жайды айта алмаймын… Тергеу органдарының өзіндік атқаратын іс-қимылдары бар. Осы орайда оның құжаттарын (тексеру аясында) алды, – деді министр. 

Еске салайық, осы жылдың 4 тамызы күні Қазақстанның көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі ұстаған еді. Ол сот санкциясымен қамалды. 

Көп ұзамай Сәтжан Аблалиевтің ресми түрде көлік вице-министрі лауазымынан босатылғаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу