Көлік министрі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП хатшысымен кездесті

573

Марат Қарабаев Қытайға жұмыс сапары барысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ҚКП хатшысы Ма Синжуеммен кездесті.

Көлік министрі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП хатшысымен кездесті Фото: gov.kz

Кездесу көлік-логистикалық әлеуеттің мүмкіндіктерін нығайту және кеңейту, тараптардың көлік компаниялары үшін жағдайларды жақсарту, сондай-ақ тығыз халықаралық байланыстар орнату шеңберінде ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz.

Іс-шараның маңыздылығы екі жақтың географиялық орналасуымен және экономикалық мүдделерімен байланысты.

Келіссөздер барысында қосымша шекаралық өткізу пункттерін ашу, екі елдің көлік компаниялары арасындағы жүйелі жұмысты күшейту, сондай-ақ халықаралық сауданы жеңілдету жолымен өзара іс-қимылды бірлесіп кеңейту бойынша бірқатар түйінді мәселелер әзірленді.

АНЫҚТАМА: Қазақстан аумағында осы өңірлер арасындағы көлік ағынын қамтамасыз ететін көптеген автожолдар мен темір жолдар өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу