Көлік министрі пойыз билеттерінің орташа құнын атады

418

Республика бойынша 66 облысаралық бағыт жұмыс істейді.

Көлік министрі пойыз билеттерінің орташа құнын атады Фото: inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында жолаушылар тасымалына қатысты баяндама жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Қазіргі уақытта 66 облысаралық маршрут жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыттарда 13 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Облыстардың бөлінуіне байланысты биыл қала маңындағы бағдардан 2 жаңа облысаралық бағыт құрылды. Атап өтсек, Алматы – Қонаев және Қарағанды – Жезқазған бағыттары", - деді ведомство басшысы.

Министр жолаушыларды тасымалдау республикалық бюджеттен субсидияланатынын еске салды.

"Бұл шаралар халықтың барлық тобы үшін жол жүру құжаттарының қолжетімді бағасын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде пойыз билеті бағасының орташа құны – 8 мың теңге", - деп атап өтті Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу