Көлік министрлігі биыл 250 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті

403

Ведомство 2024 жылға арналған жоспарларды пысықтады.  

Көлік министрлігі биыл 250 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті Фото: ҚР КМ

Көлік министрлігімен жыл көлемінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің қорытындысын шығару мақсатында аппарат басшысы Ерболат Мұқаевтың төрағалық етуімен әрі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және Цифрлық үкіметті қолдау орталығы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Кеңес барысында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау, қызмет көрсету кезінде жүйелі түрде жол берілетін бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, оңтайландыру, реинжиниринг бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат беріліп, 2024 жылға арналған жоспарлар пысықталды.
Сонымен қатар агенттік өкілдері ҚР Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама шеңберінде сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нақты түсініктемелер берді. Бұл күні сонымен бірге су көлігі және авиация салаларындағы мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестеріндегі реинжиниринг қорытындылары егжей-тегжейлі талқыланды.
Аппарат басшысы мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуін ерекше бақылауға алуда тапсырды. Жалпы биыл министрлік 250 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу