Көлік министрлігі LOT әуекомпаниясына қатысты қауесетті жоққа шығарды

302

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Польша астаналары арасындағы рейстер аптасына 3 рет жиілікпен жүзеге асырылады.

Көлік министрлігі LOT әуекомпаниясына қатысты қауесетті жоққа шығарды Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік желілерде поляк әуекомпаниясы ұшақтарының Қазақстанға ұшу мәселесі талқыланып жатыр. Осыған байланысты Көлік министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

LOT Polish Airlines поляк әуекомпаниясы ұшақтарының Алматы әуежайына ұшуына шектеу қою туралы пікірлер шындыққа жанаспайды.

LOT Polish Airlines компаниясының әуе көлігі Астанаға 2017 жылдан бастап қатынайды. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Польша астаналары арасындағы рейстер аптасына 3 рет жиілікпен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, дүйсенбі, сейсенбі, жұма күндері ұшады.

Алматы әуежайында "ашық аспан" режимі жұмыс істейді және шетелдік әуекомпаниялары үшін әуе қатынасына шектеу қойылмаған. LOT Polish Airlines әуекомпаниясы тарапынан Алматы әуежайына ұшу туралы өтініш түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу