Көлік министрлігі Назарбаевқа қызмет көрсеткен "Бүркіт" әуе компаниясына қатысты пікір білдірді

539

Бүгінгі таңда бұл әуе компания ерекше мақсаттағы авиацияға жатады. 

Көлік министрлігі Назарбаевқа қызмет көрсеткен "Бүркіт" әуе компаниясына қатысты пікір білдірді Фото: Avia2.ru

Қазақстанда шамамен 20-30 бизнес-джет тіркелген. Бұл туралы Көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев айтты.
       
"Бүркіт әуекомпаниясы ерекше мақсаттағы авиацияға жатады. Бұл әуекомпания ҚР Президенті Іс басқармасына қарайды. Сәйкесінші бұл сұрақ та олардың құзырына кіреді", - деді Талғат Ластаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте. 

Оның айтуынша, Азаматтық авиация комитеті әуе кемелерін техникалық қадағалаумен, бақылау жүргізумен айналысады.

"Сонымен қатар сертификаттап, инспекциялық бақылау жүргізеді. Ұшақтар кімді тасымалдайтыны туралы ақпарат жоқ", - деп атап өтті спикер. 

Талғат Ластаевтың сөзінше, елімізде шамамен 20-30 бизнес-джет тіркелген. Олардың дені жеке тұлғаларға тиесілі, деп толықтырды Көлік министрінің міндетін атқарушы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу