Көлік министрлігі ОААЭЫ аясындағы халықаралық кездесуге қатысты

361

Аталған жиын Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтті.

Көлік министрлігі ОААЭЫ аясындағы халықаралық кездесуге қатысты Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілдері Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық (ОААЭЫ) бағдарламасының көлік секторын үйлестіру комитетінің 23-отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отырыс барысында өңір елдерінің қатысушылары ОААЭЫ көлік жүйесін дамытуға қатысты негізгі мәселелерді талқылады.

Олардың қатарында халықаралық көлік дәліздерін жаңғырту, транзиттік бағыттардың тиімділігін арттыру, автомобиль жолдарын дамыту және қатысушы мемлекеттер арасындағы көлік байланысын нығайту мәселелері қаралды.Сондай-ақ бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, жол саласында заманауи технологиялық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ өңірлік көлік желісінің қауіпсіздігі мен орнықтылығын арттыруға ерекше назар аударылды.

Министрлік өкілдерінің үйлестіру комитетінің жұмысына қатысуы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, ұлттық бастамаларды ілгерілетуге және көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы озық тәжірибемен алмасуға бағытталған.ОААЭЫ (Central Asia Regional Economic Cooperation) — Азия даму банкінің үйлестіруімен 11 ел мен даму серіктестерін біріктіретін өңірлік ынтымақтастық бағдарламасы. Бағдарлама көлік дәліздерін, сауда байланысын, энергетиканы және цифрлық интеграцияны дамытуға бағытталған, сондай-ақ өңірдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу