"Көлік нөмірін картоннан жасап алған": Екібастұздық тұрғынның айласы жүргізуші куәлігінен айырды

Полицейлер көп автокөліктің арасынан ерекше көзге түскенін тоқтатуға мәжбүр болды.  

"Көлік нөмірін картоннан жасап алған": Екібастұздық тұрғынның айласы жүргізуші куәлігінен айырды Фото: instagram/dp_pavlodar

Өйткені, Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласынның тұрғыны көлігіне картонға жазылған нөмір тағып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүргізуші мемлекеттік нөмірдің көшірмесін жасатуға ақша шығармай, оны кәдімгі картон мен қара маркердің көмегімен өзі жасаған.

Десе де, оның бұл іс-әрекеті заңды айналып өтуге көмектеспеді. Полицейлер бұл "дизайнға" заңдық тұрғысынан оң қабақ танытпаған.

– Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Материалдар сотқа жолданды, – деп хабарлайды Екібастұз қаласының Полиция басқармасы.

Бірнеше күн бұрын ғана көлігіне жалған нөмір таққандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу