Көлік полицейлері пойыз жолаушыларын жаңа жылмен құттықтады

228

Тәртіп сақшылары балаларға тәтті сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады.   

Көлік полицейлері пойыз жолаушыларын жаңа жылмен құттықтады Фото: polisia.kz

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері "Нұрлы жол" теміржол вокзалы кешенінің өкілдерімен бірлесіп, "Нұрлы жол" - Алматы бағытында қатынайтын пойыздың жас жолаушыларды жаңа жылмен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл игі бастама тек балаларға ғана емес, пойыздағы ересек жолаушыларға да ерекше әсер қалдырып, шынайы қуаныш пен жылы лебізге толы сәттер сыйлады. Өз кезегінде жолаушылар полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, денсаулық пен қызметтеріне табыс тіледі.

Сонымен қатар көлік полицейлері жолаушыларға көлік инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары жөніндегі ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратты.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мереке күндері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теміржол және әуе көлігі нысандарында күшейтілген режимде қызмет атқару жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу