"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында заңсыз есептеу фактілері анықталды

461

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді.   

 "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында заңсыз есептеу фактілері анықталды Фото: Қазақстан теміржолшысы

Көлік прокурорлары "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-нің филиалдарында қаржыландыруға жатпайтын 742 адамға 10 млн теңгеден астам сомаға сыйақылар мен төлемдерді заңсыз есептеу фактілерін анықтаған.

Оның айтуынша кәсіпорынның Ақмола филиалы өмірден жеті жыл бұрын өткен зейнеткер атына ақшалай қаражат аударып отырған.

Бұдан бөлек, Қарағандыда кадр бөлімінің басшысы ата-анасын теміржолшы зейнеткері ретінде заңсыз тізімге қосып, оларға бес жыл бойы 1 млн теңгеден астам сомаға жеңілдіктер, өтемақы төлемдері мен сыйлықақыларды беріп отырған.

Қазіргі кезде заңсыз төлемдерді қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, аудиторлық тексерулер тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу