Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді жоспарлауда

489

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді жоспарлауда Фото: yandex.kz

"Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органның "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" бұйрығын зерделеді.

Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, бұл іс жүзінде жол жүру құжат бағасының қымбаттауына мүмкіндік берген.

Осы нормативтік актіге биылғы 21 ақпанда Бас көлік прокуратурасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне наразылық келтірді, ол толық көлемде қанағаттандырылды", делінген хабарламада.

Сонымен қатар онда бүгінгі таңда теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды, осы норманы алып тастау туралы бұйрықтың жобасы уәкілетті органдармен келісілу сатысында екені айтылған.

Прокуратура бастамашылығымен енгізілген түзетулер жолаушыларға пойыздарда жүру құнын едәуір төмендетуге және билеттердің шекті бағасын белгілеуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу