Көлік саласын дамыту мәселелері Құрылтай комитетінің отырысында талқыланды

187

Көшпелі отырыс көлік саласының қазіргі жай-күйі мен мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік берді.  

Көлік саласын дамыту мәселелері Құрылтай комитетінің отырысында талқыланды Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің көлік саласын дамыту мәселелеріне арналған көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиынға Комитет төрағасы мен мүшелері, Көлік министрлігінің басшылығы, ведомствоға қарасты ұйымдар мен салалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Отырыста жол желісін және автомобиль көлігі саласын дамыту, жол сапасы, көліктік бақылау жүйесін жетілдіру, қауіпсіздік пен өңірлердің көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қатысушыларға "Цифрлық үкімет" аясында іске асырылып жатқан цифрлық шешімдер таныстырылды. Сондай-ақ министрлік қызметінде жасанды интеллект технологияларын қолдану барысы көрсетілді.

Ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары ірі автожол жобаларының іске асырылу барысы туралы баяндады. Сонымен қатар жол саласындағы ғылыми-технологиялық шешімдер, сапаны бақылау және ғылыми базаны дамыту мәселелері талқыланды.

Салалық кәсіпорындардың өкілдері заманауи бейнебақылау жүйелері мен жүк тасымалын цифрландыруға арналған шешімдерді, оның ішінде Smart Cargo платформасын таныстырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу