Көлік саласында заң бұзғандарға 1,6 млрд теңге айыппұл салынды

747

Жыл басынан бері бақылаушы органдар 42916 жүк көлігін тексерді. 

Көлік саласында заң бұзғандарға 1,6 млрд теңге айыппұл салынды

Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында салмағы және габариттік параметрлері шамадан тыс болған 2063 автокөлікке еліміздің жолдарымен жүріп өтуіне рұқсат берілмеді,  деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

"2020 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ИИДМ Көлік комитетінің көліктік бақылау органдары 42916 жүк автокөлігін тексерді. Нормативтiк құқықтық актiлер талаптарын бұзған 6 311 көлік анықталды. Оның ішінде рұқсат беру жүйесі бойынша заңнама талаптарын бұзған 316 шетелдік авто бар. 2063 автокөлік құралының артық жүктемемен жүруіне рұқсат берілмеді. Олардан 1,3 млрд теңге алым, 290 млн теңге айыппұл өндірілді", – деп жазылған хабарламада. 

Осылайша 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1,6 млрд теңгеден астам алымдар мен айыппұлдар өндірілген. Бұдан бөлек 49 шаруашылық субъектілері тексеріліп, 34 заң бұзушылық анықталды. Оларды түзету туралы 30 ұйғарым берілді. Сондай-ақ жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 2609 әкімшілік іс қозғалды. 

"Өндіріп алынған айыппұл сомасы шамамен 49,0 млн теңге. Бұл жалпы тасымалдау қауіпсіздігіне оң әсер етті", – деп хабарлады министрлік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу