Көлік салығын төлемегендерге талап қатаңдады

1053

Көлік салығын төлемегендерге талап қатаңдады

Алматыда көлігінің жылдық салығын төлемегендер жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Салықшылар мен полицейлер, сот орындаушыларымен бірлесе отырып, рейдтік тексерулер жүргізуде. Қарызды төлеуге 1 сәуірге дейін уақыт берілді. Одан кейін іс сот орындаушылардың құзырына берілмек. "Салық кодексіне" енгізілген өзгерістер осындай талапты қарастырады. Жеке сот орындаушылары өндірілген соманың 25 пайызын еңбек ақысы үшін алады.

Бүгінде салықтан жалтарған алматылық көлік иелерінің саны 11 мыңға жеткен. Тек Медеу ауданында көлік салығы бойынша қордаланған қарыз 865 млн теңге. Қала бойынша борышкерлер мемлекетке 1 млрд теңге қарыз. Салықшылардың дерегінше, қарызын төлемегендер арасында танымал адамдар да жетерлік. Салық төлемейтіндердің банктік есеп-шоты мен төлем карталарын бұғаттау да жоспарда бар. 

 "Берешек тұлғаларға хабарлама жолданылды. Алайда бұл хабарламалар толығымен орындалмай отыр. Барлық берешек тұлғаларды 1 сәуірге дейін өз қарыздарын толығымен төлеуді сұраймыз. Өйтпеген жағдайда құжаттар сот орындаушыларға беріледі, сәйкесінше, олардың шығындары көбейеді", - дейді Медеу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Түменбаев.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу