Көлік тасымалдаушылары қосылған құн салығынан босатылуы мүмкін

595

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов әлеуметтік маңызы бар көлік тасымалдаушыларын қосылған құн салығынан 3 жылға босатуды ұсынды. 

Көлік тасымалдаушылары қосылған құн салығынан босатылуы мүмкін

Бұл туралы ол сенатта сөйлеген сөзінде айтты. 

Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейтін заң жобасын сенаторларға таныстыру барысында министр: "Әлеуметтік бағыттар бойынша тарифтердің тиімсіз болуына және субсидиялауға қаржының жетіспеуіне байланысты тасымалдаушылар шығынға ұшырайды. Тұрақты әлеуметтік маңызы бар автокөлік тасымалдары бойынша қосылған құн салығынан 3 жылға босату ұсынылды. Теңіз көлігі арқылы транзитті дамыту, транзит құнын төмендету үшін жағдай жасау мақсатында жүкті теңіз портына дейін теміржол арқылы жеткізіп, су көлігіне ауыстырып тиеу арқылы жүргізілетін тасымалдарды халықаралық деп тану және оларға қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесін қолдану бастамасы көтерілді", – деді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу