Көлік жолына қонған тікұшақ жөнінде ҚР қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме берді.
"Армия авиациясындағы ұшу құрамының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес түрлі навигациялар тәсілдерін пысықтау бағыты және ұшу даярлығының курсына сәйкес жерлерді (ұшуларды), оның ішінде ауа райының бұзылуы кезінде бағдарлауды жүргізу бойынша ұшуды орындайды", делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Министрліктің айтуынша, ҚР ҚК Әскери-әуе күштерінің Ми-8МТ тікұшағы жергілікті тұрғындарды бақылау әдісімен визуальды бағдарлауды қалыптастыру мәселесін пысықтай отырып, әскери оқу-жаттығу тапсырмасын орындаған.
"Экипаж қауіпсіздік жағдайын бағалап, автокөлік жолына қонды және жақын жерде орналасқан елді мекендерді нақтылады, жолдан қайта ұшып, баяндама жасау арқылы оқу-жаттығу тапсырмасын аяқтады", деп атап өтті ведомство.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, тікұшақ қазіргі уақытта әуеайлақ базасында тұр.