Көлік тұрағына кіретін минивендендердің 99 пайызы заңсыз тасымалдаушылар

891

Көлік тұрағына кіретін минивендендердің 99 пайызы заңсыз тасымалдаушылар

Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы темір жол вокзалындағы көлік тұрағына минивендерді кіргізуге неліктен тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Астананың темір жол вокзалының жанындағы ақылы көлік тұрағының аумағына кіру немесе шығу елорданың ескі вокзалындағы ережелерге сәйкес реттеледі. Ол ережелер бойынша тұрақ қызметін пайдаланатын көлік құралдарының жүргізушілеріне біршама шектеулер қойылған", - делінген редакцияның ресми сауалына жауап берген басқарманың жауабында.

Жүргізілген мониторингке сәйкес, көлік тұрағына кіретін минивендендердің 99 пайызы қалалар мен облыстарға жүретін заңсыз тасымалдаушылар болып табылады.

Сонымен қатар, басқарманың хабарлауынша, Жолаушылар көлігі басқармасы мен Әкімшілік полиция басқармасы арнайы техника мен қызмет көрсететін көліктерден бөлек, "Д" категориясындағы автокөліктерді тұрақ аумағына кіруге тыйым салатын жол белгілері орнатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу