Көлік ұрлығы көбейді

1200

Ұрлықтың 45%-дан астамы қоғамдық орындарда жасалған. 

Көлік ұрлығы көбейді

Елімізде көлік ұрлығы 3%-дан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың қаңтарында Қазақстанда 128 көлік ұрлығы тіркелген (Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға көп). Оның 29-ы автомобиль ұрлығы, бір жыл ішінде минус 14,7%. Қоғамдық орындарда 58 көлік ұрланған (оның 19-ы автомобиль).

2019 жылдың қаңтарында елімізде 124 көлік ұрлау дерегі тіркелген еді.

Ең көп автокөлік Алматыда ұрланған: 18 ұрлық. Бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 38,5%-ға артық.

Сонымен қатар Шымкент (15 ұрлық, бір жыл ішінде плюс 25%), Нұр-Сұлтанда (14 ұрлық, бір жыл ішінде плюс 40%) көлік ұрлығы жиілеген.

Қазақстандағы 17 өңірдің 8-інде көлік ұрлығы көбейген, 2 өңірде жағдай өзгермеген, 7 өңірде көлік ұрлығы азайған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу