Көлік заңнамасын бұзған қырғыз тасымалдаушыларына 1 миллион теңгеден аса айыппұл салынды

819

Көлік заңнамасын бұзған қырғыз тасымалдаушыларына 1 миллион теңгеден аса айыппұл салынды

Қырғыз Республикасы тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын ескермеу фактілері жиіледі, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Соңғы кездері қырғыз тасымалдаушылары тарапынан Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын бұзу фактілері жиілеп кетті. Тек соңғы 2 күнде Қырғызстан Республикасының тасымалдаушыларына тиесілі тексерілген 212 автокөлік құралының 35-нен  өрескел заң бұзушылық анықталып отыр. Атап айтқанда, артық салмақ және габарит көрсеткіштері бойынша - 11, каботажды тасымалдау - 4, Қазақстанның рұқсат бланктерінің болмауы - 4 және басқа да 13 заң бұзушылық тіркелді.

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылық үшін барлығы 1 миллион 328 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, жолаушылар тасымалдау рұқсаты жоқ 4 автобус айып тұрағына қойылды. Анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпарат Қырғыз Республикасына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу