Көлік жолдары саласында 300-ден астам заң бұзушылық анықталды

607

305 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік жолдары саласында 300-ден астам заң бұзушылық анықталды Фото: gov.kz

Бас прокуратура көлік жолдары саласының жай-күйін тексерудің қорытындысын шығарды, деп жазады inbusiness.kz құзырлы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осыған дейін баспасөзде көлік жолдарын салу және жөндеу кезінде жымқыру және сыбайлас жемқорлықтың көптеген фактілері анықталғандығы туралы хабарланды. Құқық бұзушылықтар бюджет қаражатын заңсыз шығару схемаларында көбінесе бір мердігер ұйымдары болған. Осындай фирмалардың бірінің өкілдері Ақмола өңірінің Қоянды кентінде 907 млн теңгеге күрделі жөндеу және жергілікті жол құрылысын жасамағандығы белгілі болды. Бүгінде шарт бұзылды, өңірдегі прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап, оның шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың мән-жайлары анықталуда. Солтүстік Қазақстан облысында облыстық жолдарды жөндеуге бөлінген 423 млн теңгені жымқырды деген айыппен Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің және жергілікті мердігер мекеменің басшылары қамауға алынып, жауапқа тартылды", - деп мәлімдеді құзырлы орган.

Ақпаратқа сәйкес, олар жұмыстарды қабылдау туралы жалған актілер бойынша миллиондаған мемлекеттік қаржыны аударған. 

"Мемлекеттік сатып алу кезінде өнім жеткізушілерді таңдау кезеңі неғұрлым жемқорлықпен байланысты болды. Мәселен, аудан прокурорларының араласуынан кейін Аршалы ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Екатеринбург-Алматы автобанынан Берсуат ауылына дейінгі учаскені күрделі жөндеу бойынша 1,1 млрд теңгеге заңсыз шарт жасасқаны үшін теріс себептермен жұмыстан босатылған болатын. Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жөнделген учаскеге 148 млн-нан астам бюджет қаражатын артық жұмсау фактісінің алдын алынды және басшылық буындағы кінәлі лауазымды тұлға лайықты тәртіптік жазаға тартылды. Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 300-ден астам заң бұзушылық анықталып, 30 млрд теңге сомасына бюджет шығындарының алдын алды", - делінген хабарламада.

Мемлекет кірісіне 2,5 млрд теңге қайтарылды. Барлығы 29 қылмыстық іс қозғалып, 305 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу