Көлік жөндеу орталығы азаматтарды алдаған

494

Көлік жөндеушіден көмек, полициядан пайда болмай тұр. 

Көлік жөндеу орталығы азаматтарды алдаған Фото: 2ГИС

Шымкентте көліктерін жөндету үшін қызмет көрсету орталығына барып, алданып қалдық деген бір топ азамат осылай деп шағымданып отыр. Олардың айтуынша, барлығын қаладағы "Ди 17 Детейлинг Центр" орталығы алдап соққан.

"Ұрылған көліктеріңізді аз уақытта жақсылап, жөндеп береміз" деген орталық қожайындары алдымен ақшаларын алып, соңында жұмысын да бітірмей, ақшаларын да қайтармай қойған. Тіпті кейбір көліктердің қосалқы бөлшектерін де жоқ қылған. Осыған ашынған азаматтар полицияға арызданғанымен, құзырлы орган істі созбалаңға салып, кейбірін қысқартып жіберген. Өңірдегі тілшіміз мәселенің мән-жайын анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу