Көлік жуғанда ауыз су пайдалануды тоқтату үшін қандай шара қолға алынады? – министр жауабы

347

Кәсіпкерлердің жұмсаған суды қайта пайдалануы бойынша Су Кодексіне тиісті норма енгізілмек. 

Көлік жуғанда ауыз су пайдалануды тоқтату үшін қандай шара қолға алынады? – министр жауабы Фото: freepik

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысындағы брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстандағы жалпы су қорының 1,3 пайызын ауыз суға пайдаланамыз. 1 млрд 300 млн текше метр су. Осы мәселе көтерілген соң біз талдау жұмыстарын жүргіздік. Мысалы, 200 млн текше метрге жетпейтін су көлемі сервис орталықтарында, яғни автокөліктерді жууға пайдаланылады. Сонымен қатар, моншаларда да пайдаланылатын су көлемі бар. Енді сол кәсіпкерлер алған суда қайта пайдалану үшін Су Кодексіне норманы енгізіп отырмыз. Мәжілістің қарауында", – деп жауап берді министр Үкіметте өткен брифингте.

Оның айтуынша, енді кәсіпкерлер міндетті түрде белгілі бір мерзім ішінде суды қайта пайдалану құрал-жабдықтарын орнатуы тиіс. Нұржан Нұржігітов бұл мерзімнің әлі бекітілмегенін баса айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу