Көлік жүргізу куәлігін заңсыз бергендер әшкере болды

273

Ауыл шаруашылығы техникасын жүргізуге куәлік беру құқығы мемлекеттік қызметке жатады

Көлік жүргізу куәлігін заңсыз бергендер әшкере болды Фото: a-texnika.ru

Прокуратура арнайы техниканы басқаруға заңсыз куәлік беріп келгендердің әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы арнайы техника мен басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын жүргізетіндердің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуін қадағалап, арнайы талдау жүргізді.

Ауыл шаруашылығы техникасын жүргізуге куәлік беру құқығы мемлекеттік қызметке жатады және оны жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

"Бұл ретте көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдарға ауыл шаруашылығы техникасын басқару құқығы берілмеуі тиіс. Соған қарамастан, ауыл шаруашылығы бөлімдері бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаларға ауыл шаруашылығы техникасын жүргізуге 13 куәлік берген (Семей, Үржар және Жарма)", – делінген хабарламада.

Прокурорлар 3 прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Нәтижесінде заңсыз берілген куәліктер жарамсыз деп танылып, тәркіленді, 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу