Көлік жүргізушілеріне қатысты күтпеген жаңалық

3919

Бүгіннен бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді.

Көлік жүргізушілеріне қатысты күтпеген жаңалық Фото: inbusiness.kz

Жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған заң күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты. 

Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың мәлімдеуінше, бұл өзгерістердің негізгі мәні автоматты түрде тіркеу жүйелерімен анықталатын түзу сызықты учаскелерде "орташа жылдамдықтан" асып кеткені үшін жауапкершілікті енгізу. 

"Орташа жылдамдық" жүріп өткен жолды сол жолды жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл рұқсат етілген "орташа жылдамдықтан" асып кетуіне байланысты 5-тен 40 АЕК-ке дейін болады. Себебі жолдардың әртүрлі учаскелерінде "орташа жылдамдық" әртүрлі, формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі", – деді ол. 

Оның сөзінше, бұл жаңалық талдауды ескере отырып енгізілді, себебі қала маңындағы трассалардағы әрбір үшінші адам жылдамдық режимінің асып кетуінің салдарынан көз жұмған. 

"Осы өзгерістерге байланысты ІІМ жол жүрісіне қатысушылардың барлыған қағидаларды сақтауға және басқа қатысушыларды құрметтеуге шақырады. Жолдағы қауіпсіздікті арттыру – бұл ортақ міндет", – деді Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу