Көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі азайды

1001

 Көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі азайды

Бүгіннен бастап көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұлдар айтарлықтай қысқартылады. Мәселен, бұған дейін қарсы жолаққа шығып кеткендер 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылса, жаңа заң бойынша 6 айдан кейін көлікке отыруына рұқсат. Сонымен қатар, күндіз көліктің шамын жақпағандар шамамен 11 мың теңге айыппұл төлеп келсе, енді тек 7 мың теңге төлейді. Тіпті бір мәрте ескерту жасалуы да мүмкін. Ал жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымнан асырғандарға, көлікті тыйым салған жерге қойғандарға да салынатын айыппұл 2 есе қысқарды. Бұған дейін темір тұлпарын мүгедектердің тұрағына қойғандар 113 мың теңге төлесе, жаңа заңда айыппұл мөлшері – 24 мың теңге деп көрсетілген. Сондай-ақ тәртіп сақшыларына бағынбай, қарсылық танытқандар бұрын бірден 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылса, енді 72 мың теңге төлеп, жазадан құтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу