Көлік жүргізушілеріне ұнамайтын шешім келесі жылы қолданысқа енеді

Ақылы жолдардан қанша теңге түсетіні де жоспарланып қойған. 

Көлік жүргізушілеріне ұнамайтын шешім келесі жылы қолданысқа енеді Фото: drive2.ru

ҚР Көлік министрлігі Қазақстанда 10 жолдың ақылы жолға айналатынын айтып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Ұзындығы 2,2 мың шақырым болатын 10 учаскені ақылы ету 2025 жылдың бірінші тоқсанында енгізілуі мүмкін, – деп хабарлаған департамент. 

2025 жылы көлік жүргізушілерінен ақылы жолдарда жүргені үшін 60 миллиард теңге жинау жоспарланған.

Ақылы жолға осы бағыттар енгізілуі мүмкін:

  • Қызылорда – Арал (455 шақырым),
  • Ақтөбе – Мәртөк (92 шақырым),
  • Қостанай – Троицк (163 шақырым),
  • Ақтау – Бейнеу (454 шақырым),
  • Қостанай – Денисовка (169 шақырым),
  • Шу – Бурыбайтал (184 шақырым),
  • Үшарал – Достық (180 шақырым),
  • Балқаш – Бурылбайтал (91 шақырым),
  • Қандыағаш – Мақат (385 шақырым),
  • Тараз қаласының айналма жолы (57 шақырым).

Министрлік қазіргі уақытта ұзындығы 3,2 мың шақырымды құрайтын 17 учаске ақылы жол екенін қоса кетті. Ал биыл автокөлік жүргізушілері 48 млрд теңге төлеген. 

– 2025 жылға арналған кірістер болжамы 60 млрд теңге болады, – деп атап өткен ведомство. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу