Көлікке қолданылған бөлшек орнатуға болады

729

Ресейдің сауда министрлігі Кедендік одақ техникалық регламентінің жобасындағы даулы норманы өзгертуді ұсынды. 

Көлікке қолданылған бөлшек орнатуға болады

"Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентте ұсталған автокомпененттерді қайта қолдануға және көлік құралының құрылымын өзгертуге тыйым салуды ұсынған жобаны ЕЭК сарапшылары қарастырып жатыр. 

Құжатқа енгізілетін өзгертулер автомобилистердің көңілінен шықпады. Әлеуметтік желі қолданушылары мен БАҚ өкілдері жоспардағы тыйымды сынап, наразылық танытты. Қазақстандық шенділер бұл түзетулерге қатысты пікір білдірген жоқ. Тек ресейлік өнеркәсіп және сауда министрлігі ғана жүргізушілер жағына шығып, даулы нормаға түзету енгізуді ұсынды. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу