Оқиға 10 қаңтар таңғы уақытта Жетісу облысы Ескелді ауданында болған.
Белгілі болғандай, жүргізуші жол жиегіндегі адамдарды қағып кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Белгісіз көлік жүргізушісі Қарабұлақ ауылындағы Ескелді би көшесінде келе жатып, жолдың жиегіндегі жаяу жүргіншілерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері оқиға туралы хабар алған бойда іздеу жұмыстарын бастап, жедел әрекет ету нәтижесінде "Тойота" маркалы автокөлігік жүргізушісін ұстады. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.