Көлікпен адамды қасақана басып кеткен қарағандылық сотталды

642

23 жастағы қала тұрғынының 4 жыл бас бостандығы шектелді.

Көлікпен адамды қасақана басып кеткен қарағандылық сотталды Фото: egemen.kz

Қарағанды қаласында дүкен жанында ер адамды қасақана көлікпен жаншып кеткен тұрғынға қатысты сот шешім шығарды. Қылмыстық істі алқа билердің қатысуымен қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аудан аралық сот қараған болатын . 

Еске сала кетсек, 23 жастағы көлік жүргізушісі өткен жылдың тамыз айында дүкеннің жанында ер адамды көлігімен қағып, басып кеткен еді. Көлік жүргізушісімен  дүкен жанындағы ер адам жанжалдасып қалған. Жанжал соңынан көлікке ұмтылған ер адамды қарағандылық темір тұлпарымен қағып , үстінен басып кетіп қалған. Полиция оны бір тәуліктен соң ұстады. 

Сот барысында 23 жастағы жігіт өз кінәсін мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін жеткізді. Прокурор сотта күдіктіні үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Алқа билер соты күдіктіге  зардап шегушінің  денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу